Шымкентті дамытудың 2023 жылға дейінгі кешенді жоспары бойынша мәжіліс өтті

Қала әкімдігінде Шымкент қаласын дамытудың 2023 жылға дейінгі кешенді жоспарын іске асыру бойынша мәжіліс өтті. Күні кеше Нұр-Сұлтан қаласында Премьер-Министр Асқар Ұзақбайұлы Маминнің басшылығымен Үкімет отырысы өткен болатын. Онда қала əкімі Ғабидолла Әбдірахымов 2023 жылға дейін қаланы дамытудың кешенді жоспарын таныстырған. Қаланы дамыту үшін жалпы құны 1 трлн 284 млрд теңгені құрайтын 10 бағыт бойынша 89 жоба Үкімет мүшелері тарапынан толық қолдау тапты.

 

 

   

 

 

Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов бұл бағытта атқаратын негізгі жұмыстардан хабардар етіп, үлкен жауапкершілік жүктеліп отырғанын айтты. Әкімнің баяндауынша, 10 бағыттан тұратын кешенді жоспар мемлекеттік органдармен, министрліктермен келісілген. 2023 жылға дейінгі стратегиялық кешенді жоспар көлік инфрақұрылымы, тұрғын үй құрылысын дамыту, білім беру, спорт, мәдениет, денсаулық сақтау, абаттандыру, қауіпсіздікті сақтау, индустриалды аймақтарды дамыту бағыттарын қамтиды.

 

Ерекше назар аударатын жайт, кешенді жоспарды іске асыру нәтижесінде бюджетке жүктемені азайту үшін 836 млрд теңге немесе жоспарланған соманың 65% жеке инвесторлар есебінен жүзеге асырылады.

 

 

 

   

 

 

– Кешенді жоспар қала үшін маңызды құжат деп айтуға болады. Ең алдымен 10 күннің ішінде жоспарды іске асыру жоспарын дайындап, бекітуіміз керек. Әр жобаға жауапты адамдар бекітіледі. Жобаны іске асыруға әкімдіктің әр мүшесін белсенді атсалысуға шақырамын. Нақты мақсаттар айқын. Мерзім қысқа. Енді тек жұмыс істеу қажет. Бізде барлық мүмкіндік бар. Кадрлар да жеткілікті. Тапсырма бойынша депутаттық топтар да өз сайлаушыларымен кездесіп, жобалармен таныстыру қажет. Аудан әкімдеріне де осындай тапсырма беріледі, – деді қала әкімі.

 

 

 

   

 

 

Жиын барысында аудан әкімдіктеріне, басқарма басшыларына бірқатар нақты тапсырмалар берілді.