Шымкенттік суретшілер туған қаласына тосын сый жасады


      Қылқалам шеберлері шаһардағы көше жағалауындағы биік қабырғаларға ұзындығы – 12, ені 4 метрді құрайтын көркем граффити салды.
Онда қазақтың батыр ұлы Бауыржан Момышұлының бейнесі бедерленіп, жанына «Өршіл рухтан өлмес ерлік туады» деген рухты сөзі
де жазылған. Айта кетерлігі, суретшілер өткен жылы Жеңістің 70 жылдығында Рахымжан Қошқарбаевтың рейхстагқа ту
тігіп жатқан сәтін салған екен. Одан бұрын қабырғаға қазақтың қос батыр қызының бірі Әлия Молдағұлованың суретін бейнелеген.