ШЫМКЕНТТЕ «SHYMKENT ART DAYS-2016» ӨНЕР КҮНДЕРІ ӨТТІ

Шымкентте қала әкімдігінің қолдауымен Орталық саябақта алғаш рет «SHYMKENT ART DAYS-2016» өнер
күндері өтті. 

 

Шымкент қаласы заманауи өнердің түрлі бағыттары көрсетілетін мульти-тәртіптік алаңға айналмақ.
Жасөспірімдер қалаға деген сүйіспеншілігін сурет салумен бейнелеуде.

 

«Қазіргі заман жолдауы» тақырыбымен өтіп жатқан шара нағыз шығармашылық алаңға әрі жалпықалалық
көркем шеберханаға айналды.

 

Мұнда стрит-арт, жария өнер, граффити, өнердің визуальды түрлері, бейне-арт және дизайн жұмыстары
бір-бірімен байланысқан симбиозда көрермен назарына ұсынылады.

 

Суретшілер, дизайнерлер, қала тұрғындары мен қонақтары әлемде болып жатқан оқиғаларға өз
көзқарастарын білдіру үшін өнер нысандарын салды.

 

Заманауи үлгідегі инсталляциялар, перформанстар, акциялар, таныстырылымдар, коллаборациялар,
экспозициялар, шеберлік сыныптар, флэшмобтар көрсетіліп, көпшілік дәрістер өткізіледі.

 

SHYMKENT ART DAYS шеңберінде қазақстандық суретшілер мен сән дизайнерлері ART&FASHION
коллаборация үлгілерінде жұмыс істеуде.

 

Аталмыш іс-шараға Британдық Кеңестің көмегімен тағы екі атақты тұлға – бейне-арт жанрында жұмыс істейтін
британдық суретшілер Карен Мирза мен Бред Батлер шақырылды. «Қызыл Трактор» тобының суретшілері мен
өкілдері Арыстанбек Шалбаев, Смаил Баялиев және Сырлыбек Бекботаев, сондай-ақ, Бақыт Бубиканова,
Алексей Шиндин, П. Н. И. арт-тобы, Алпамыс Батыров және Қырғызстаннан келетін DOXA арт-тобы қатысты.

 

Заманауи өнер туындысы. SHYMKENT ART DAYS-2016 өнер күндерін өткізу арқылы мамандар қазіргі
заманның өзекті мәселелеріне баса назар аудара отырып, өнер құралдары арқылы рухани құндылықтарды,
қоғамдағы өзара түсінушілік және келісім идеяларын насихаттауға мүмкіндік алғанын айтады.

 

SHYMKENT ART DAYS-2016 іс-шарасына қала әкімі аппаратының басшысы Рашид Аюпов, қала әкімінің
орынбасары Қайрат Нұртай қатысып, өнер көрмесін тамашалады.

 

Өнер күндерінің танымал қатысушыларының арасында шымкенттік заманауи суретшілерден құралған
белгілі «Қызыл Трактор» тобының негізін қалаушы Саид Атабеков, Қазақстанның тумасы, бүгінде Германия
мен Бельгия елдерінде қызмет атқаратын Алмагүл Меңлібаеваның қолтаңбалары менмұндалайды.
 

Ақ кездемеден жасалынған өнер туындысы көрерменнің қызығушылығын арттырды.
 

Өнер фестиваліне  жастар ритімді топтық би көрінісі арқылы өз үлестерін қосуда.
 

Фестиваль аясында жас бүлдіршіндер арасында Шымшаһардың әсемдігін бейнелеу мақсатында еденге
сурет салудан жарыс ұйымдастырылып, жүлдегерлерге ұйымдастырушылар тарапынан бағалы
сыйлықтар табысталды.

 

SHYMKENT ART DAYS-2016 өнер көрмесі аясында еліміздің әр қаласынан келген графитишілер қала
ғимараттарының қабырғаларына көркем сурет салды. 
Бұл алматылық графитиші Алпамыс Батыров
«Шаңырағымыз шайқалмасын!» атты туындысы.