«ШЫРАЙЛЫ ШЫМКЕНТ»  ФОТОГРАФТАР КӨЗІМЕН


Шымкент қаласы және оның аймақтарының үздік кадрлерін түсіруші кәсіби және әуесқой фотографтар арасында «Шырайлы Шымкент» фотосуреттер байқауы өткізілуде.

Қала әкімдігі ұйымдастырған бәйгенің мақсаты–шаһар тұрғындары мен қонақтарын қала және оның аймақтарына назар аударту, қаланың ерекшелігін, көрікті жерлерін, тарихи және сәулетті ескерткіштерін көрсету. Осы арқылы суреттердің бұқаралық базасы және цифрлік контентін құру.

Фотожұмыстар «Тарихи Шымкент», «Қала ерекшелігі», «Қала тұлғалар көзімен», «Заманауи Шымкент», «Шымкент табиғаты» атты бес номинация бойынша анықталмақ. Қазіргі таңда байқауға қатысқан көркем картиналар www.visitshymkent.kz сайтында орналасқан. Кәсіби фотографтар мен ұйымдастыру алқасынан құралған қазылар алқасы бірлесіп, байқау жеңімпаздарын анықтайды. Нәтижесінде жеңімпаздарға қаржылай жүлделер беріледі.

Байқау қорытындысы бойынша үздік фотожұмыстар Шымкент, кейін Астана қалаларында өтетін көрмелерге қойылады.