ОЙЫН АЛАҢШАЛАРЫ ЖАҢАРТЫЛУДА

Қаланың айнасы саналатын Әл-Фараби ауданы аумағында ойын алаңшалары жаңартылуда. Нақтылап айтар болсақ, Әл-Фараби ауданы аумағындағы 665 көпқабатты тұрғын үйлерде 400 аула орналасқан. Оның 34 ауласы спорт алаңшасымен жабдықталған. Бүгінгі таңда Әл-Фараби ауданы бойынша 211 аула жөндеуді қажет етеді. Оның ішінде 83 көпқабатты тұрғын үй аулаларын абаттандыруға және балалар ойын алаңшаларын орнатуға құны 665,4 млн. теңге болатын сметалық құжаттама әзірленген.

Құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында осы жылы балалар ойын алаңшалары мен спорт алаңшалары орнатылған 70 ауланы жарықтандыруға ішкі істер органдарымен бірлесе әзірленген ұсыныс қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөліміне ұсынылды. Қазіргі таңда жоба бойынша жұмыстар жүргізілуде.