БАДАМНЫҢ АҒЫСЫ АРНАСЫНА ТҮСТІ

      Толассыз жауған жауын салдарынан Бадам өзенінің жоғары ағысынан басталған жауын сулары өзен жағалауындағы ағаш бұтақтары мен тұрмыстық қалдықтардың кедергісіне ұшырап, өзен суы арнасынан асып кете жаздаған. Салдарынан шаһар аумағындағы Бадам демалыс аймағының жағалауына су жайылған.
      Дер кезінде Шымкент қалалық Төтенше жағдайлар басқармасының мамандары, өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары мемлекеттік мекемесінің 10 жеке құрамы, 3 бірлік автокөлік, «ЛТД Тұрмыс» ЖШС-ның 20 қызметкері, 3 су сору техникасы  жұмылдырылды. Төтенше жағдай салдарынан 700 шаршы метр жағалауды су алса, оның 500 шаршы метрі тасқын суынан тазартылды. Қазіргі таңда оқиға орыны залалсыздандырылды, адам шығыны орын алған жоқ.