ҰРПАҚ БОЛАШАҒЫНА НЕМҚҰРАЙЛЫ ҚАРАУҒА БОЛМАЙДЫ


      Кәмелетке толмағандар арасында қылмыстың, құқық бұзушылықтың саны азаймай отыр. Бұл мақсатта жыл басынан бері 36 рет түнгі рейдтік іс-шаралар өткізілген. Нәтижесінде, 23 жасөспірім анықталып, олардың 7-і ОҚО кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылды. Түнгі рейдттік шара кезінде тәртіп бұзып, отбасына жеткізілген 16 оқушының, 11-нің ата-анасына айыппұл  салынып, 5 ата-анаға түсіндіру жұмыстары жүргізілді.   
      Шымкент қаласы әкімі жанындағы кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясының отырысында қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов бұл көрсеткіштердің әлі де жеткіліксіз екендігіне тоқталып, әкім орынбасарларына жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында  жүйелі ұсыныстар дайындауын тапсырды.