ЗАҢСЫЗ ҚҰРЫЛЫСҚА ТОСҚАУЫЛ ҚОЙЫЛУДА

      Жуырда қала аумағындағы жер телімдерін өз бетінше иелік ету және ауыл шаруашылық жерлерінде заңсыз құрылыстарға тосқауыл қою жайлы тапсырылған. Осыған орай, жаңа құрылған мобильді топ «Самал-2» шағын ауданында өз бетінше 2 тұрғын үй құрылысын салған жер телімдері анықтады.

      Жер кадастр бөлімшесінің кезекті анықтамасына сәйкес «Самал-2», н/c мекенжайында орналасқан жер телімі Шымкент қаласының электронды картасында және геобазасында жер пайдаланушылардың құқықты куәландыратын құжаттың рәсімделмегендігі анықталды.

      Шаһар аумағындағы заңсыз құрылыстарға жол бермеу үшін қала әкімінің орынбасары Н. Көшеровтың төрағалығымен прокуратура қызметкерлері, жергілікті полиция қызметкерлерінің қатысуымен заң аясында екі тұрғын үй құрылысы бұзылып, акт түзілді.