«Shymkent Bike» жобасы аясында велосипедті пайдалану қартасын қала әкімі бірінші болып сатып алды


 

      Бұл таңқаларлық жағдай емес: спорттың  түрін жанына серік еткен әкім облыстық велофедерацияны басқарады. Енді, қала басшысы велосипедпен жиі жүретін болады. Оның бұл жағынан тәжірибесі де бар. Ғабидолла Әбдірахымов алғаш рет жобаны іске асыру кезінде көшелердің дайындығын өзі тексерген болатын. Ал, жақын арада көлігін таза экологиялық транспортпен алмастырды. Мұнысын қалалықтар үлгі тұтты.

      Жобаның ашылу салтанатында қала әкімі велосипедпен жүру көлік кептелісінде ыңғайлылығымен қатар, үлкен қалада денсаулыққа өте пайдалы екендігін айтты.