Үй жануарларын серуендетуге арналған алғашқы алаңша ашылды

      Ол Қарасу шағынауданындағы "Отбасы" аллеясы маңында орналасқан. Айта кетейік, бұл алаңша осыдан екі жыл бұрын ашылған еді. Дегенмен, иттерді серуендетуге арналған жағдай, жануарларды үйретуге қажетті құралдар жоқ болатын. Сондықтан осы алаңды қайта реттеу туралы шешім қабылданады.
      Алаңның жалпы ауданы - 25 соттық. Қоршалған. Алаңшада көптеген ағаш өсіп тұр, жанынан өзен ағады. Ал бұл - иттер мен олардыңиелері күн ыстығына ұрынбайды деген сөз.
      Шымкент әкімдігі қаладағы осындай алғашқы алаңша тұрғындар мен олардың үй жануарларына ұнайды деп сенеді.