Хабарландыру!

Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары!

Шымкент қаласында «13 REGION» атты бұқаралық жүгірудің өтуіне байланысты 2017 жылғы 15 қазан күні сағат:  07:00 - 13:00 аралығында Қонаев даңғылында орналасқан Royal club fitness & spa ғимаратынан Қонаев даңғылы (оң жақ бөлігі)  және Бәйдібек би даңғылы (сол жақ бөлігі) Бозарық айналма жолына (мәре) дейін жабылатындығын хабарлаймыз!

Уақытша қолайсыз жағдайға кешірім сұраймыз.