1,3 миллион қызғалдақ тұқымы отырғызылды

Шымқалаға гүл қалаға айналмақ. Өткен жылы қызғалдақтың 700 мың түбі егілсе, биылғы рекорд одан асып түсті. Қазіргі таңда, қала көшелеріне 1,3 миллион түп қызғалдақ тұқымы отырғызылған. Қыстай қар астында жатып, ерте көктемде гүлдейтін қызғалдақтар – голландиялық сорт, оның 6 түрлі түсі бар.

Қызғалдақтар көктемде толық жайқалып өскен кезде ұлттық нақыштағы оюлар мен геометриялық фигураларды тамашалауға мүмкіндік тумақ. А2 айналма тасжолындағы бұл керемет космостан көзге түседі, – деп отыр көгалдандыру компанияларының өкілдері.

 Бұдан бөлек, қаланы көгалдандыруда  616 қарағай ағашы отырғызылған. Өткен жылы қурап қалған көшеттердің орнына мердігер компания өз есебінен тегін қырым қарағайын отырғызатын болады.