Шымкентте жылыту маусымы 1 сәуірде аяқталады

Шымкентте жылыту маусымы наурыз айының соңында аяқталады. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

 

Наурыз айының басында күн жылып, бірқатар тұрғын жылуды сөндіруді сұраған. Дегенмен, мамандардың айтуынша, жылыту қондырғыларын өшірген соң күн суығанда қайта қосу қиын, ол жұмыс ұзақ уақытта талап етеді.

 

Осыған байланысты мамандар тұрғындарды түсіністікпен қарауға шақырады. Себебі орталықтандырылған жылу жүйесіне ауруханалар, балабақша мен мектептер қосылған.

 

Алдын ала болжамға сәйкес, жылуды биылғы 1 сәуірінде тоқтату жоспарланып отыр.