ShymkentBuild-2018 көрмесі өтуде

Шымкенттегі «Көрме» орталығында өңірдегі құрылыс индустриясындағы басты шараларының бірі – жыл сайынғы ShymkentBuild-2018 құрылыс және интерьер көрмесі басталды. Көрмені Қазақстандағы Ресей сауда өкілдігінің қолдауымен отандық Iteca көрме компаниясы ұйымдастыруда.

 

Нарықтағы сұранысты қамтамасыз ететін құрылысқа қажетті материалдар мен жабдықтарды көрсетуге отандық компаниялармен қатар көршілес Өзбекстан және Ресей елдерінен келген өндірушілер қатысуда.

 

   

 

Көрмеге қатысуға ниет білдірген өндірушілер құрылыс материалдары мен жабдықтары, әрлеу материалдары, жылу мен сумен қамтамасыз ету, желдету, лак-сыр өнімдері, құбырлар мен құбыржол арматурасы, жол құрылысы және арнаулы техникаларын ұсынып отыр. Атап айтқанда, полиуретан мен пенополистриолдан өндірілген қасбеттік зер, су эмульсиясы, әліпмай, құрылыс ағашы мен, гипс-қатырма сияқты өнім түрлері бар.

 

ShymkentBuild-2018 көрмесі арқылы кәсіпкерлер өз өнімін көрсетуге арналған аймақтық алаң қалыптастыра отырып, жаңа әлеуетті тұтынушылар мен жабдықтаушыларды табу және өткізу арнасын кеңейтуге мүмкіндік мол. Ұйымдастырушылардың айтуынша, Оңтүстікте басталған Орталық Азия құрылыс көрмесі еліміздің өзге қалаларында да жалғасады.