Шымкентте үшем мен анасы перзентханадан шықты

Шымкенттегі №1 облыстық перинаталдық орталықта үшем дүниеге келді. Бұл – облыс бойынша жыл басынан бері өмірге келген екінші үшем.

 

Жас ана Гүлжанат Пердебаева сәбилерін 5 наурыз күні ота жасау тәсілімен босанды. Енді олардың отбасында 5 бала бар. Дәрігерлердің айтуынша, 35 аптада туылған сәбилердің салмақтары орта есеппен 2,5 келі, ал бойлары 46 см болып дүние есігін ашты. Бір аптадан аса уақыт ішінде салмақ қосып, жағдайлары жақсарған сәбилер мен анасы таяуда үйлеріне шығарылды.

 

   

 

Дәрігерлердің мәліметінше, соңғы 10 жылдың ішінде облыста жыл сайын 7-13 үшем дүние есігін ашады екен. Осы уақыт ішінде 81 үшем туылған. Ал бір жылда дүниеге келетін егіздердің саны 800-ге жуық. Жалпы, 2017 жылы облыста 76 353 сәби дүниеге келген. Олардың жартысына жуығы Шымкент қаласында өмірге келді.