«БЖЗҚ» АҚ Ашық есік күніне шақырады

«БЖЗҚ» АҚ «Қазақстан Республикасының зейнетақы заңнамасындағы өзгерістер (2018 жыл)» тақырыбындағы ашық есік күніне шақырады. Ашық есік 2018 жылдың 27 наурызында сағат 10.00-де, Бәйдібек би даңғылы, №45 ғимаратта өтеді.

Іс-шараға қатысушылардың барлығы бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төлемақы жасау туралы толыққанды және өзекті ақпарат ала алады.

Болашақ зейнеткерлерге мына мәселелер бойынша кеңес беріледі: 

  • зейнетақы жүйесін жаңғырту себептері;
  • зейнетақы жүйесіне 01.01.2018 жылдан бастап енгізілген өзгерістер; 
  • кесте бойынша зейнетақы төлемдерін жүргізу тәртібіне енгізілген өзгерістер;  
  • 01.01.2018 жылдан бастап бекітілген кесте бойынша жүргізілетін зейнетақы төлемдерін есептеу; 
  • базалық зейнетақыға қатысты өзгерістер.

«БЖЗҚ» АҚ қызметкерлері осы және басқа да сауалдарға қатысты жан-жақты және толыққанды ақпарат береді. Ашық есік күніне қатысушылар зейнетақы жинақтарының сақталуына орайөздерін толғандырған сауалдарға жауап алумен бірге мамандардан да жеке кеңес ала алады.