Шымкентте жалпы қалалық сенбілік өтті

Жалпы қалалық сенбілікке 16 363 тұрғын қатысты, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

 

Кез келген мерекеге дайындық тазалықтан басталады. Осыған орай Шымкентте де Наурыз мерекесі қарсаңында жалпы қалалық сенбілік өтті. Көшелердің, аулалардың тазалық жұмысына 16 мыңнан аса адам атсалысты.

 

   

 

Сенбілікке 93 арнайы техника жұмылдырылды. Барлығы 230 505 шаршы метр аумақтан 1310 текше метр қоқыс қала сыртына шығарылды. 30149 метр ирригациялық арық, 17 380 шаршы метр жол жиегі тазаланды. Сонымен қатар жасыл желекті түрлі зиянкестерден қорғау мақсатында 8160 ағаш əктелді.