Шымкентте "Жайна, Шым!" фестивалі өтті

Шымкентте Наурыз мерекесін атап өту жалғасуда. Күні бойы қалалың орталық саябағы жастар мен дәстүрлі мәдениеттің біріккен орталығына айналды.

 

 

   

 

 

Мұнда "Жайна, Шым!" фестивалі өтті. Мерекелік бағдарлама таңғы сағат 11:00-де басталды. Мейрамға жиналғандар халық әні мен жастардың әуенін орындап, жаппай биледі. Шымкенттің өнерпаз топтары би билеп, ән салып, көпшілікке мерекелік көңіл-күй сыйлады. Ал фестивалді тамашалауға тұрғындар мол жиналды.

 

   

 

Бұған қоса вокалды топ өнер көрсетіп, орталық саябақтағы субұрқақтың жанында қаланың үздік би ұжымдары халық билерін биледі. Ал хип-хоп топтары өзара батл ұйымдастырып, мықтыларын анықтады. Саябақтың басқа тұсында суретшілер қылқыламмен қағаз бетіне өрнек түсірсе, көпшілік қолөнер шеберлерінің бұйымдарының көрмесін тамашалады. Осылайша көпшілікке мерекелік әрі ғажап көңіл-күй сыйлаған фестивал кешкі сағат 18:00-ге дейін жалғасты.

 

   

 

Бұған қоса орталық саябақта бұл күні 100 қарағай және 150 қайың көшеті егілді.