2 ОФИЦИАЛЬНЫЙ САЙТ АКИМАТА ГОРОДА ШЫМКЕНТ

Транспорт


Құрметті Шымкент қаласының әкімдігі! Біз сіздердің жүргізіп жатқан жұмыстарыңызға ризамыз. Мүмкіндігінше қатты жұмыс істеп жатырсыздар. Кейбір байқалатын кемшіліктерді жою сіздердің жоспарларыңызда бар екендігіне сенеміз. Дегенмен, кейде, кейбір ұсақ мәселелер сіздердің назарларыңызға түспеуі де мүмкін ғой. Олар туралы хабарлаудың айыбы жоқ шығар деген оймен мен мына бір жағдай туралы сіздерге айтқым келді (сіздерге көмек ретінде). Мен осы мереке күндерінің бірінде №69 маршруттағы №272 автобуспен келе жатыр едім, ондағы бала жетектеген бір әйел «Астраханцева» дегенің қайсысы еді, Әлімбетов па? деп ақша жинаушы баладан бұрылып сұрады. Ол бала, естімеді ме әйтеуір, жауап бермеді. Сосын ол әйел өзіне-өзі «осы шығар» деді де қателесіп ерте түсіп кетті. Бұл жағдай мені қобалжытты да жинағыш балаға «аялдамаларды дұрыс аттарымен атамайсың ба, анау әйел қателесіп түсіп кетті ғой, қайдағы ұмытылған аттарды айтып жатырсың» деп едім, ол «бұл аттар ұмытылған жоқ және ұмытылмайды да!» деп кесіп тастады (жағдайды ештеңе қоспай дәлме-дәл айтып отырмын). Одан кейін ол жігіт, маған өкпелеген шығар, кейінгі аялдамалардың біреуін қалдырмай барлығын (мен «Әскериатта» түсіп қалдым) Кеңес дәуіріндегі аттарымен атап отырды. Тіліміз онысыз да тұншығып жатқанда жастар арасындағы осындай манкурттік психологияның көпшіліктің ішінде көрініс беруі өкінішті ақ. Автобус мынадай, теледидар анадай болып тұрғанда кейінгі жастар қалай қазақша сөйлесін. Біз сонда намыссыз халық болғанымыз ба? Болашағымыз не болады? Осы, баяғыда, автобустарда аялдамаларды быдық-шыдықсыз анық айтып тұратын құрылғылар бар емеспе еді? Сол сияқты техниканы ендіру сіздердің жоспарларыңызда бар ма екен? Ондай жағдай болса тұрғындар бір жылдың ішінде аялдама аттарын үйінде отырса да дұрыс айтатын болып шығады. Бізді құртып жатқан фактор – қызметтегі адамдардың жауапсыздығы. Техникада ондай әлсіздік жоқ дерлік. Оның үстіне, бос қалған адам ресурстарын басқа өндіріс орындарында тиімді пайдалану мүмкіндіктері туады. Тұрсынқұл ӨМІРЗАҚ 11.05.2019 ж.


Шаймерденова 17/16
Автор: өмірзақ тұрсынқұл



ИНФОРМСЕРВИСЫ

Shymkent adaldyq alany

Видео

Справочник

Государственные услуги

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ДОСТИЖЕНИЯ

ГОРОД БУДУЩЕГО

БИЗНЕС

ПОСЛАНИЕ

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

СТАНДАРТИЗАЦИЯ

ОТКРЫТОЕ ПРАВИТЕЛЬСТВО

Нулевая терпимость

МАРШРУТЫ АВТОБУСОВ

WHATSAPP

Чистый город

ПОЛЕЗНЫЕ ССЫЛКИ